Сайттағы сауда маркалары мен логотиптер иелерінің меншігінде.
"Артекс" баспа-полиграфия фирмасымен барлық құқықтар қорғалған 2026 ж.

Еуразия гуманитарлық институты – Қазақстан астанасындағы алғашқы беймемлекеттік жоғары оқу орны. Ол филология, журналистика, тарих, психология және басқа да гуманитарлық ғылымдар саласында мамандар даярлау мақсатында құрылған. ЕАГИ-дегі оқу бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі және күндізгі қысқартылған оқу нысанында беделді және сұранысқа ие білім алуға мүмкіндік береді.

 

Институт шетелдік университеттермен серіктестік қарым-қатынас орнатқан, бұл студенттерге алмасу бағдарламаларына және шетелде тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді.

 

Институтта 120 жоғары білікті оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде 13 ғылым докторы мен профессор, 55 ғылым кандидаты, доцент; АҚШ, Ұлыбритания, Германия және Ресейде тағылымдамадан өткен оқытушылар; Президент Әкімшілігінде, Парламентте, Конституциялық Кеңесте, Әділет министрлігінде, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінде және еліміздің білім беру мекемелерінде жұмыс істейтін басқарушы мамандар бар.

 

Институтта заманауи жабдықтармен жабдықталған меншікті оқу ғимараттары; студенттер жатақханасы, Бурабай кентіндегі демалыс аймағы, спорт кешені, кітапхана және студенттер кафесі бар. Институтта медициналық қызмет көрсетіледі және студенттердің тамақтануы қамтамасыз етілген.

 

Институт түлектері жұмыс берушілер арасында сұранысқа ие, көпшілігі Қазақстанның, алыс және жақын шетелдердің жоғары оқу орындарында магистратура мен докторантурада білімдерін жалғастырады.

Байланысқан оқу орындары

Жатақхана бар
Бір жылға бағасы
Оқу мерзімі
4 жыл
Бір жылға бағасы
Оқу мерзімі
4 жыл
Бір жылға бағасы
Оқу мерзімі
4 жыл
Бір жылға бағасы
Оқу мерзімі
4 жыл
Бір жылға бағасы
Оқу мерзімі
4 жыл
Бір жылға бағасы
Оқу мерзімі
4 жыл
6В042
Бір жылға бағасы
Оқу мерзімі
4 жыл
Астана , М. Жумабаев даңғ., 4

Бакалавриатқа түсуге арналған негізгі құжаттар тізімі:

  • Жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа);
  • Жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
  • 3х4 см өлшемді фотосуреттер – 6 дана;
  • № 075/У нысаны бойынша медициналық анықтама, флюорография суреті (түпнұсқа), № 063/У нысаны бойынша медициналық анықтама (немесе егу паспорты);
  • ҰБТ сертификаты;
  • Ведомостьтен үзінді көшірме (арнайы дайындықты талап ететін жоғары білім беру бағдарламалары бойынша, оның ішінде «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша түсетіндер үшін);
  • Білім беру грантын тағайындау туралы куәлік (бар болса);
  • Тіркеу куәлігінің көшірмесі (басқа қаладан келгендер үшін – әскери есептен шығарылғаны туралы белгісімен);
  • Әскери билеттің көшірмесі (мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтар үшін);
  • ХҚКО-дан немесе e-GOV ақпараттық жүйесі арқылы алынған мерзімді әскери қызметті өткергенін растайтын анықтама (мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтар үшін).

 

Туындаған сұрақтар бойынша қабылдау комиссиясына телефон арқылы немесе әлеуметтік желілер арқылы хабарласыңыз.

Егер сайтта жарнама,
немесе қате тапсаңыз,
төмендегі форманы толтырыңыз