Сайттағы сауда маркалары мен логотиптер иелерінің меншігінде.
"Артекс" баспа-полиграфия фирмасымен барлық құқықтар қорғалған 2026 ж.

20 маусымда Қазақстанның жоғары оқу орындарында құжат қабылдау науқаны басталады


19 маусым 2026 ж.

 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 20 маусымнан бастап еліміздің барлық жоғары оқу орындарында қабылдау комиссияларының жұмысы басталатынын хабарлайды.

ҰБТ тапсырып, мемлекеттік білім беру гранттары конкурсына қатысуды жоспарламайтын талапкерлер 20 маусымнан бастап өздері таңдаған жоғары оқу орындарына ақылы негізде оқуға түсу үшін құжаттарын тапсыра алады.

Мемлекеттік білім беру грантын алуға үміткер талапкерлер үшін гранттар конкурсына қатысуға өтініштер қабылдау 2026 жылғы 13-20 шілде аралығында жүргізіледі. Осы кезеңде талапкерлер өздері оқуға түскісі келетін білім беру бағдарламалары мен жоғары оқу орындарын таңдай алады.

Егер сайтта жарнама,
немесе қате тапсаңыз,
төмендегі форманы толтырыңыз