Сайттағы сауда маркалары мен логотиптер иелерінің меншігінде.
"Артекс" баспа-полиграфия фирмасымен барлық құқықтар қорғалған 2024 ж.

Еліміздегі 8 жоғары оқу орны QS WUR рейтингіне енді


24 наурыз 2023 ж.

Еліміздегі 8 жоғары оқу орны 22 наурызда жарияланған QS World University Rankings by Subject 2023 ‒ әлемнің үздік университеттерінің пәндік рейтингіне енді. Нәтижелерге сәйкес, қазақстандық жоғары оқу орындарының топ-100 пәндік рейтингке қатысуы екі еседен астам, үштен жеті позицияға дейін өсті. Сондай-ақ, Қазақстан халықаралық білім беру кеңістігінде өз ықпалын арттыруды жалғастыруда: пәндік рейтингтердегі білім беру бағдарламаларының саны өткен жылмен салыстырғанда тоғызға артып, 40-қа дейін, рейтингтегі жоғары оқу орындарының саны сегізге дейін ұлғайды. Тізімге Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Satbayev University, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, СДУ, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті енді.

Егер сайтта жарнама,
немесе қате тапсаңыз,
төмендегі форманы толтырыңыз