Сайттағы сауда маркалары мен логотиптер иелерінің меншігінде.
"Артекс" баспа-полиграфия фирмасымен барлық құқықтар қорғалған 2025 ж.

"Әбу Хани медресесі" жеке мекемесі - Алматыдағы жастарға арналған алғашқы тегін медресе. Компьютерлік сыныппен, ұйымдастыру техникасымен жабдықталған 2 қабатты оқу ғимаратында орналасқан. Спорт залы бар. Студенттер үшін 3 реттік тегін ыстық тамақ қарастырылған.

 

Талапкерлерге ауызша әңгімелесуден өту жеткілікті. Қабылдау үшін Құранды жақсы біліп, намаз оқи білу керек.

 

Барлық оқытушылар - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының имамдары мен тәрбиеленушілері. Сонымен қатар, зайырлы ғылымдар (философия, орыс, ағылшын және қазақ тілдері, әдебиет, тарих) бойынша оқытуды ҚазҰУ, Алматы мемлекеттік университеті және басқа да жоғары оқу орындарының шақырылған оқытушылары мен профессорлары жүргізеді.

Жатақхана бар
Бір жылға бағасы
Оқу мерзімі
2 жыл 10 ай (11-сынып негізінде)

Талапкерлер қелесі құжаттар тапсырады:

 

1. Жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін);

2. Білімі туралы құжат (түпнұсқа)

3.  № 075-У нысаны бойынша медициналық анықтама

4. 3x4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет.

 

Талапкер өтінімді 2 тәсілмен бере алады:

 

1.eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы;

2.Қағаз түрінде.

Егер сайтта жарнама,
немесе қате тапсаңыз,
төмендегі форманы толтырыңыз