Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжi Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде сержанттар құрамы лауазымдарында келiсiм-шарт бойынша қызмет өткеретiн кәсiби кадрларды даярлауға мамандандырылған Қазақстан Республикасының арнаулы орта әскери оқу орны.
Колледждің негізгі міндеттері:
- кәсіби сержанттар құрамын әскери мамандық бойынша мотоатқыштар, танк және зымыран-артиллерия әскерлері бөлімшесінің/экипажының/есебінің командирін оқыту;
- әскери мамандықтар бейіні бойынша кәсіптік-техникалық білім беру: автомобиль және броньды танк техникасын жөндеу жөніндегі слесарь, дербес компьютерлер операторы, 3-сыныпты ЖЖМ механик-жүргізушісі.
Кәсіби сержанттарды оқыту мерзімі 11-сыныптан кейін 1 жыл 10 айды, ал 9-сыныптан кейін 2 жыл 10 айды құрайды.
Оқуды аяқтағаннан кейін түлектер әскери басқарудың кіші маманы, 3-сыныпты маман, «В», «С» санатындағы жүргізуші және 3-сыныпты жаяу әскердің жауынгерлік машинасы біліктілігін алады.
Әскери қызметті одан әрі өткеру үшін бітірушілер Құрлық әскерлерінің, Әскери-теңіз күштерінің әскери бөлімдеріне, арнайы мақсаттағы барлау бөлімшелеріне, Арнайы операциялар күштеріне және Қазақстан Республикасы ҰҚК шекара қызметіне бөлінеді.
Ш.Уәлиханов атындағы әскери колледжге (Щучинск қаласы) түсу үшін:
- орта мектептің 9 немесе 11-сыныптарын бітіргені туралы аттестаты болуы
- үлгерімнің орташа балы кемінде 3,0 болуы (ҰБТ нәтижелері қажет емес)
- оқуға түсетін жылы 15 жастан кем емес, бірақ 9-сыныптан кейін 17 жастан аспайтын; 17 жастан кейін, бірақ 22 жастан аспайтын (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер үшін - 24 жастан аспайтын) 11-сыныптан кейін
- тұрғылықты жері бойынша Қорғаныс істері жөніндегі департамент (басқарма) бастығының атына өтініш беру
Туындаған сұрақтар бойынша қабылдау комиссиясына телефон арқылы немесе әлеуметтік желілер арқылы хабарласыңыз.
Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжі

|
Мамандықтар
|
Код
|
Бір жылға бағасы
|
Оқу мерзімі
|
|
|---|---|---|---|---|
|
К сожалению, Военный колледж им. Шокана Уалиханова еще не предоставил информацию в данный раздел
|
||||