Сайттағы сауда маркалары мен логотиптер иелерінің меншігінде.
"Артекс" баспа-полиграфия фирмасымен барлық құқықтар қорғалған 2024 ж.

Колледж базалық және кәсіби құзыреттіліктерді меңгерген педагогикалық сала үшін орта буын мамандарын даярлауды жүзеге асырады.

 

Педагогикалық қызметкерлер оқу үрдісіндегі өзгерістерге сәйкес ғылыми-әдістемелік бағытта өз жұмыстарын жетілдіреді. Оқыту мен тәрбиелеудің заманауи технологияларын меңгеріп, өз ғылыми ұсыныстарын енгізіп, мақалалар жариялайды.

 

Колледждегі материалдық-техникалық база: оқу корпусы – 1, сабақ өткізуге арналған аудиториялар саны – 9, оның ішінде компьютерлік сыныптың саны – 1.

 

Қазіргі таңда колледждің жұмыс істеуі және оның білім беру қызметін жүзеге асыру процесінде заманауи материалдық-техникалық және ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етудің маңызы зор.

 

Компьютерлік сынып – оқу жоспарына сәйкес оқу пәндері бойынша сабақ өткізу үшін және білім алушылардың өзіндік жұмысын орындауы үшін пайдаланылады.

 

Білім беру процесін іске асырудың маңызды шарты – оны оқу-әдістемелікпен қамтамасыз ету. Колледждің оқытушылар құрамы оқу процесінің қажеттілігін толық қанағаттандыратын оқу және оқу-әдістемелік құралдарын, ОӘК, әдістемелік нұсқауларды әзірлейді.

 

Оқу сабақтарын ұйымдастыру және өткізу үшін колледж ЖОО-ның материалдық-техникалық базасын пайдаланады.

Жатақхана бар

көрсетілетін қызметті берушіге:
1) құжаттарды қабылдау туралы өтініш;
2) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
3) 3x4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет;
4) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21759 болып тіркелген) бекітілген № 075-У нысаны бойынша медициналық анықтама, I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21759 болып тіркелген) № 031-У нысаны бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы;
5) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін). Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке өзі немесе заңды өкілдері ұсынады.

Егер сайтта жарнама,
немесе қате тапсаңыз,
төмендегі форманы толтырыңыз