Сайттағы сауда маркалары мен логотиптер иелерінің меншігінде.
"Артекс" баспа-полиграфия фирмасымен барлық құқықтар қорғалған 2024 ж.

Білім бағдарламасы:

Код:

--
"Сандық аэрофототүсірілім"

Профильдік  пəндер: математика, география

 

Біздің  заманымыздың  негізгі  тенденциясы  —  дəстүрлі технологиялардан  сандық  технологияларға  көшу  болып табылады. Осылайша, аэрофотототүсірудің дəстүрлі əдістері ұшқышсыз ұшу аппараттарына орын береді. Соңғы уақытта ҰҰА  көп  көңіл  бөлінуде,  олар  адам  қызметінің  түрлі салаларында  қолданылады,  бұл  олардың  технологиялық дамуына оң əсерін тигізуде.

 

ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖƏНЕ ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУ: кешенді кадастрлық жұмыстар; ауқымды бақылау жəне өзгерістерді қадағалау; сандық картография; 3D жобалау.

ГЕОДЕЗИЯ: ортофотопландарды құру; топографиялық пландар жасау; ЖБСМ жəне гипсометрия.

ҚҰРЫЛЫС: жоспарлау жəне жобалау; орындалатын жұмыстардың сапасын бақылау; құрылыстың барлық кезеңдеріндегі тың ақпарат.

ТАУ-КЕН ІСІ: ашық кеніш беті туралы жаңа геометриялық деректер; сантиметрлік кеңістіктік кеңейтілімі бар жер бетінің сандық моделі; толық  алуды  бақылау,  өнім  көлемін  анықтау,  аршу жұмыстарының көлемін есепке алу, шығындарды анықтау, тау-кен  жұмыстарын  дамыту  жоспарларын  жасау,  борттар  мен  үйінділердің  тұрақты,  кеніш  жағдаулары  жай-күйіне мониторинг жүргізу.

МҰНАЙ-ГАЗ СЕКТОРЫ: инфрақұрылымды зерттеу; түгендеу жəне жоспарлау; экологиялық мониторинг; жедел бақылау.

ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ: талдау, қорғау жəне жоспарлау; жедел мониторинг; орман қорының жай-күйін картографиялау жəне бақылау.

ЭНЕРГЕТИКА: ЭБЖ  жəне  энергетикалық  инфрақұрылымды зерттеу; жылу желілерінің ұшқышсыз мониторингі; апатты жағдайларды жою.

 

Оқыту  барысында  бакалаврлар  аэротүсірілім, геодезиялық,  гравиметриялық,  фотограмметриялық  жəне картографиялық аспаптармен жəне жабдықтармен танысады. Сонымен  қоса  спутниктік  геодезиялық  аппаратураны, геодезиялық жəне картографиялық бағдарламалық өнімдерді зерттеуге жеке назар аударылады.

 

Егер сайтта жарнама,
немесе қате тапсаңыз,
төмендегі форманы толтырыңыз