Мамандар лауазымдарының тізбесі:
Агроөнеркәсіптік техниканы жобалау;
Ауыл шаруашылығын цифрландыру;
Кәсіби қызмет объектісі:
- Агротехнологиялық машиналарды, машиналар мен жабдықтарды диагностикалау, техникалық қызмет көрсету технологиялары мен құралдары; фермерлік және шаруа қожалықтары.
Кәсіби қызмет түрлері:
- Өндірістік-технологиялық қызмет-машиналар мен олардың кешендерін таңдау, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау, тасымалдау және қайта өңдеу кезінде ауыл шаруашылығы техникасын, технологиялық жабдықтарды жоғары тиімді пайдалануды ұйымдастыру; машиналар мен жабдықтардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін машиналардың бөлшектеріне техникалық қызмет көрсетудің, жөндеудің және қалпына келтірудің заманауи технологияларын қолдану;
- Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет-ресурстарды үнемдейтін машина технологиялары негізінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді, сақтауды, тасымалдауды және қайта өңдеуді ұйымдастыру; машиналардың, тетіктер мен технологиялық жабдықтардың жоғары жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету; орындаушылар ұжымының жұмысын ұйымдастыру, тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау талаптары аясында негізделген басқарушылық шешімдер қабылдау; өндірісті инженерлік-техникалық қамтамасыз ету бойынша шығындарды бағалау, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және қайта өңдеу.
Кәсіби қызметінің функциялары:
1.Техникалық сервис кәсіпорындары мен өкілдіктерінің инженері:
1.1. Өндірістік-технологиялық;
1.2. Ұйымдастырушылық-басқарушылық;
2.Техникалық инспекция инженері:
2.1 Есептік-жобалық;
3. Жобалау ұйымының инженері:
3.1. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді, сақтауды және қайта өңдеуді инженерлік
3.2. Техникалық қамтамасыз ету бойынша шығындарды бағалау.