Мамандар лауазымдарының тізбесі:
- әр түрлі салалар мен меншік нысанындағы ұйымдардың экономикалық, қаржылық, маркетингтік, өндірістік-экономикалық және талдау қызметтері;
- қаржылық, несиелік және сақтандыру мекемелері;
- мемлекеттік және муниципалдық билік органдары;
- академиялық және ведомстволық ғылыми-зерттеу ұйымдары;
- жоғары және орта кәсіптік білім беру жүйесінің мекемелері,
- жалпы орта білім беру, қосымша білім беру жүйелері.
Кәсіби қызмет объектісі:
шаруашылық жүргізуші агенттердің мінез-құлқы, олардың шығындары мен нәтижелері, жұмыс істеп тұрған нарықтар, қаржылық және ақпараттық ағындар, өндірістік процестер
Кәсіби қызмет түрлері:
- ұйымдастыру-технологиялық;
- өндірістік-басқарушылық;
- жоспарлы-экономикалық;
- қаржы-экономикалық;
-ақпараттық-аналитикалық;
- кәсіпкерлік;
- инновациялық-инвестициялық;
- ғылыми-зерттеу;
- білім беру (колледждерде, лицейлерде педагогикалық).
Кәсіби қызметінің функциялары:
- қаржылық, бухгалтерлік, статистикалық және өзге де ақпаратты жинау және талдау, оны өңдеу және белгісіздік пен тәуекел жағдайында басқарушылық шешімдер қабылдау үшін басшылардың пайдалануына дайындау;
- электрондық-ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, экономикалық есептеулер жүргізу, бизнес-жоспарлау және болжау;
- аналитикалық есептеулер жүргізу, түрлі қызмет салаларындағы кәсіпорындардың барлық шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асыру;
- электрондық бизнес әдістері мен құралдарын ұйымға (кәсіпорында) енгізу;
- электрондық кәсіпорын архитектурасының жобасын әзірлеу;
- электрондық өнімді, электрондық қызметті құруға арналған жобалар мен жобалық құжаттаманы әзірлеу;
- экономикадағы, басқарудағы және АКТ инновацияларын талдау;
- кәсіпорынның бизнес-процестерін және АТ-инфрақұрылымын жетілдіру жобаларын әзірлеу;
- ұйымның өнім, тауар (жұмыс, қызмет)өндірісінің бизнес-процестерін орындауды автоматтандыру қажеттілігін талдау;
- электрондық кәсіпорынды және экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының электрондық бизнес бөлімшелерін басқару;
- кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру және талдау.