Сайттағы сауда маркалары мен логотиптер иелерінің меншігінде.
"Артекс" баспа-полиграфия фирмасымен барлық құқықтар қорғалған 2024 ж.

Білім бағдарламасы:

Код:

--
"Энергетика және экология техникасы"

Қазақстанда табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған экономиканың жаңа түрі белсенді даму үстінде. Бұл тәсілдің негізінде энергетикалық ресурстарды пайдалануды азайту идеясы жатыр. Бұл тренд экологиялық және энергетикалық техника саласындағы мамандарға сұраныс туғызады.

 

Студенттер курс аясында жобалау бойынша, энергетикалық және экологиялық құрал жабдықты пайдалану, энергия үнемдеу мен жаңа технологияларды енгізу бойынша білім алады. Оларға пайдаланылған су және өнеркәсіптік қалдықтар, тұрмыстық қоқысты қайта пайдалану мен өңдеу әдістері қолжетімді болады. Сонымен қатар, студенттер экономика, сондай-ақ экологиялық және энергетикалық менеджмент негіздерімен қаруланады.

 

Бұл бағдарламаның түлектері жылу энергетикасы саласында қажетті дағды, біліммен қаруланған. Олар мынадай бағыттарда қызмет ете алады:

  • өнеркәсіптік компанияларда энергетик немесе эколог;
  • қалпына келетін энергия көздерін қолдану және оларды дербес немесе орталықтанған жүйеге қосу бойынша маман;
  • су мен ауа сапасын анықтауға арналған өлшеуіш техника бойынша маман;
  • консалтингтік қызмет.
Егер сайтта жарнама,
немесе қате тапсаңыз,
төмендегі форманы толтырыңыз