Сайттағы сауда маркалары мен логотиптер иелерінің меншігінде.
"Артекс" баспа-полиграфия фирмасымен барлық құқықтар қорғалған 2024 ж.

Білім бағдарламасы:

Код:

--
"Химия және наноматериалдар"

БББ мақсаты: Ғылыми, өндірістік, кәсіби-тәжірибелік жұмыстарды іске асыру мақсатында химия саласында іргелі білімі, инновациялық көзқарасы, зерттеу жұмыстарын жүзеге асыра алатын дағдылары бар жаңа формациядағы бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.

 

Химия және наноматериалдар білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін білімалушы:

  • эксперименттік зерттеулердің деректерін математикалық және статистикалық өңдеуді қолдана отырып, стандарттау және сертификаттау бойынша химиялық процестердің физика-химиялық параметрлерін есептеуде дағдыларды көрсету; 
  • зерттеу және өндірістік қызметтегі эксперименттік деректерді есептеу үшін заттардың құрылысы мен құрылымын, химиялық, химикотехнологиялық процестерді модельдеу үшін заманауи технологияларды қолдану; 
  • химиялық заттарды, наноматериалдарды және нано - құрылымдарды талдау және синтездеу үшін бейорганикалық, органикалық, физикалық, коллоидтық және биологиялық химиядағы жетістіктерді пайдалану; 
  • химиялық заттардың, табиғи және жоғары молекулалық қосылыстардың, нано-материалдардың, наноқұрылымдардың сандық және сапалық талдауын сынама алу және сынама дайындау ережелерін ескере отырып жүзеге асыру; 
  • әртүрлі күрделіліктегі, соның ішінде химияның түрлі салаларында зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін стандартты емес өндірістік және технологиялық есептерді шешу;
  • қоршаған орта объектілерін, минералды шикізатты, металдарды, тамақ өнімдерін және табиғи қосылыстарды таңдау және талдау үшін химиялық және физика-химиялық, агрохимиялық, биохимиялық, радиологиялық әдістерді салыстыру; 
  • жаңа технологиялық жағдайлар мен талаптарға бейімделу үшін химия, металлургия, мұнай-химия, ядролық өнеркәсіп, сирек және шашыраңқы элементтер технологиясы, ғылым және экологияның әртүрлі мәселелерін шешу;
  • химиялық өндірістердің, металлургиялық процестердің және ядролық отын өндірісінің толық циклінің экологиялық тәуекелдерін бағалау; 
  • келешекте кәсіби қызметте қолдану үшін химиялық, металлургиялық салалардағы өндірістік және технологиялық процестерді сәйкестендіру.

 

Лауазымдарының тізімі:

  • химик
  • инженер-химик
  • нанохимик

 

Кәсіби қызмет объектісі:

  • аналитикалық, экологиялық, кедендік, санитарлық-эпидемиологиялық, сертификациялық қызметтердің өндірістік зертханалары;
  • химиялық, экологиялық, металлургиялық, фармацевтикалық бейіндегіғылыми-зерттеуұйымдары (институттары, зертханалары).
Егер сайтта жарнама,
немесе қате тапсаңыз,
төмендегі форманы толтырыңыз