Сайттағы сауда маркалары мен логотиптер иелерінің меншігінде.
"Артекс" баспа-полиграфия фирмасымен барлық құқықтар қорғалған 2025 ж.

Білім бағдарламасы:

Код:

--
"Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ қауіпсіздігін инновациялық басқару"

Мамандар лауазымдарының тізбесі:

- төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;
- табиғи және техногендік сипаттағы апаттар мен зілзалалардың алдын алу және олардың теріс салдарларын азайту жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және жүзеге асыру;
- авариялық-құтқару техникаларын, жабдықтары мен жарақтарын және т. б. сақтау, жөндеу және техникалық қызмет көрсету.

 

Кәсіби қызмет объектісі:

- төтенше жағдайларда зардап шеккен адамдар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағындағы халық және материалдық құндылықтар;
- адам қызметінің зардаптары мен табиғи құбылыстарға байланысты қауіптер;
- әлеуетті қауіпті технологиялық процестер мен өндірістер;
- адамдарды, экономика объектілерін және мекендеу ортасын қауіптерден және зиянды әсерлерден қорғау әдістері мен құралдары;
- тіршілік ету ортасындағы антропогендік әсерлерді және қауіптіліктерді нормалау ережелерін, қауіп-қатердің дәрежесін анықтаудың әдістері мен тәсілдері;
- апаттық-құтқару жұмыстарын орындау амалдары мен әдістері;
- апаттық-құтқару құралымдарының қызметін ұйымдастыру және жоспарлау;
- апаттық-құтқару жабдықтары мен техникасы;
- төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге көмек көрсету құралдары;
- басқару мен байланыс жүйелері мен құралдары;
- біріншілік еңбек ұжымы және т.б.

 

Кәсіби қызмет түрлері:

- ұйымдастырушылық-басқарушылық;
- инновациялық;
- жобалық-технологиялық;
- жобалық-конструкторлық;
- өндірістік-технологиялық;
- эксперименттік-зерттеушілік;
- сервистік-пайдалану және т.б.

 

Кәсіби қызметінің функциялары:

- төтенше жағдайлар кезінде апаттық-құтқару бөлімшелерінің құрамында жұмыстарды ұйымдастыру және орындау.
- төтенше жағдайларды болжау және алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.
- апаттық-құтқару техникасы мен жабдықтарды жөндеу мен техникалық қызмет көрсету.
- төтенше жағдайлар кезінде тіршілік әрекетін қамтамасыз ету.
- елді мекендердің, объектілердің топографиялық карталары мен схемаларын пайдалану.
- қызметкерлердің лауазымдары бойынша, жұмысшылардың бір немесе бірнеше кәсіптерді, жұмыстарды орындау.
- төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіздікті басқару үшін геоақпараттық жүйелерді пайдалану.

Егер сайтта жарнама,
немесе қате тапсаңыз,
төмендегі форманы толтырыңыз