Сайттағы сауда маркалары мен логотиптер иелерінің меншігінде.
"Артекс" баспа-полиграфия фирмасымен барлық құқықтар қорғалған 2024 ж.

Білім бағдарламасы:

Код:

--
"Маркшейдерлік іс"

BIM(сандық) технологиясының енгізілуімен тау кен жұмыстарының дұрыс жəне сапалы жүргізілуін жəне маркшейдерлік-геодезиялық бақылау жасай білетін мамандарды даярлау.

 

Кəсіби қызмет саласы

Маркшейдерлік  іс  зерттелетін  объектілердің жоспарлары  мен  сызбаларын  құру  мақсатында, сондай-ақ тау-кен-геометриялық міндеттерді шешу үшін  тау-кен  кəсіпорындарының  құрылысы  кен орындарын  барлау  жəне  пайдалану  кезінде орындалатын жер бетінде жəне тау-кен қазбаларында өлшеуді қамтитын тау-кен ғылымының бөлімі болып табылады.

 

Маркшейдер  мамандарының  біліктілігі  елдің кез  келген  тау-кен  кəсіпорнында  кəсібі  бойынша бірден жұмыс істеуге мүмкіндік берді:

  • əр түрлі өңдеу жүйелері бар алтын өндіретін жерасты кеніші;
  • гидромониторларды қолдана отырып немесе драждық тəсілмен аршу тəсілімен ұсақ жынысты кен орындарын ашық игеру;
  • қиғаш, көлбеу немесе тік қабаттары бар көмір шахтасы;
  • карьерлік тəсілмен көмір, кен орындарын жəне басқа да пайдалы қазбаларды ашық игеру;
  • мұнай-газ кен орындарын игеру;
  • метрополитен жəне көліктік тау құрылысы.

 

Жоғарыда  аталған  өндірістерден  басқа, маркшейдер  маманы  барлық  аралас  геодезиялық жəне тау-кен мамандықтарында жұмыс істей алады. Жəне  оған  жұмыс  істеуге  таңдау  мүмкіндігі  бар, мысалы,  геодезист  маманы  барлық  геодезиялық, құрылыс,  ғылыми,  оқу,  зерттеу  кəсіпорындарда немесе  тау-кен  инженері,  мастері,  тау-кен кəсіпорындарында жұмыс жасай алады.

 

Мамандардың кəсіби қызмет саласы қатты пайдалы қазбаларды пайдалану, өндіру жəне  қайта  өңдеу,  əртүрлі  мақсаттағы  жер  асты объектілерін  салу  жəне  пайдалану  кезінде  жер қойнауында адам қызметін инженерлік қамтамасыз ету.

Егер сайтта жарнама,
немесе қате тапсаңыз,
төмендегі форманы толтырыңыз