Сайттағы сауда маркалары мен логотиптер иелерінің меншігінде.
"Артекс" баспа-полиграфия фирмасымен барлық құқықтар қорғалған 2024 ж.

Біліктілік:

Код:

09110103
"Дәрігер-стоматологтың көмекшісі"

Тіс дәрігерінің көмекшісі. Бұл маман стоматологиялық кабинеттің маңызды қызметкері екендігі атауынан-ақ түсінікті, өйткені ол тіс дәрігері/дантист тікелей емдеумен айналысып жатқанда көптеген функцияларды орындайды.

 

Көмекшінің міндетіне мыналар жатады:

 

- кабинетті және процедураға қажетті материалдарды дайындау;

- препараттар мен жабдықтарды дұрыс сақтау, дәрі-дәрмектер қорын уақтылы толықтыру;

- пациенттерді қабылдау кезінде дәрігердің өкімін орындайды.

 

Біліктілік сұранысқа ие, өйткені көптеген тіс дәрігерлері мен дантисттер пациенттерді қабылдау кезінде білікті көмекке мұқтаж.

 

Орта есеппен алғанда жас маманның жалақысы - 60-80 мың теңге аралығында, сондай-ақ клиенттердің санына да байланысты.

 

Осы біліктілік бойынша ойдағыдай білім алып, одан әрі жұмыс істеу үшін студент химия, биология негіздерін білуі қажет.

 

Көмекшінің бойында жауапкершілік, мұқияттылық, байсалдылық, шыдамдылық, ақ пейілділік сияқты қасиеттер болуы тиіс.

 

Жоғары деңгейдегі маман болу үшін оқуын университетте жалғастыру қажет. Сондай-ақ басқа да мамандар сияқты тіс дәрігерінің көмекшісі де біліктілігін арттыруға назар аударғаны жөн, өз мамандығы бойынша баспасөз бен әдебиеттерді оқып, курстар мен семинарларға қатысқаны жөн.

 

Жас маман аяқ пен арқа проблемасы сияқты қиындықтарға тап болуы мүмкін, өйткені жұмыс физикалық тұрғыда қиын емес, алайда пациенттің үстінде бірнеше сағат бойы еңкелектей тұру немесе отыру өте қиын. Сондай-ақ әртүрлі дәрігерлермен және клиенттермен жұмыс істеуге дайын болу керек, даулы жағдайларды шеше білу керек.

 

Осы мамандықтың артықшылығы - аралас салаларды меңгеру, мамандандыру және дамыту мүмкіндігінің болуында, адамдарға көмектесуінде.

Егер сайтта жарнама,
немесе қате тапсаңыз,
төмендегі форманы толтырыңыз