Кәсіби қызмет саласы Робототехникалық жүйелер, әртүрлі функционалдық мақсаттағы және жобалаудағы электрондық құралдардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, электрондық құралдар мен технологиялардың көмегімен робототехникалық жүйелер әдістерін жасау және жетілдіру.
Кәсіби қызмет міндеті:
- Жобалау үшін ақпараттық бастапқы деректерді жинау және талдау;
 - Стандартты жобалауды автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып, техникалық тапсырмаға сәйкес бөлшектер мен тораптарды есептеу және жобалау;
 - Жобалау және техникалық жұмыс құжаттамасын әзірлеу, аяқталған жобалау-конструкторлық жұмыстарды әзірлеу;
 - Әзірленетін жобалар мен техникалық құжаттаманың стандарттарға, техникалық шарттарға және басқа да нормативтік құжаттарға сәйкестігін бақылау;
 - Жобалық есептердің алдын ала техникалық - экономикалық негіздемесін жүргізу;
 - Жұмыс орындарын ұйымдастыру, оларды техникалық жабдықтау, технологиялық жабдықтарды орналастыру;
 - Технологиялық тәртіптің сақталуын бақылау;
 - Технологиялық жабдықтарға қызмет көрсету;
 - Технологиялық процестерді метрологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру, шығарылатын өнімнің сапасын бақылаудың типтік әдістерін пайдалану.