Сайттағы сауда маркалары мен логотиптер иелерінің меншігінде.
"Артекс" баспа-полиграфия фирмасымен барлық құқықтар қорғалған 2024 ж.

Біліктілік:

Код:

07140504
"Техник-электроншы"

Техник-электроншы - электрондық техникаға техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыратын, оның жұмысқа қабілеттілік жағдайын, ұтымды пайдаланылуын, оған профилактикалық және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ететін маман. Осы біліктілік бойынша ойдағыдай білім алу үшін студенттің физика, информатика саласында білімі болуы тиіс. Мамандық техникалық және аналитикалық ойлау қабілеті бар адамдарға лайық.

 

Бұл маманның міндетіне электронды жабдықтың дұрыс техникалық пайдаланылуын, үздіксіз жұмыс істеп тұруын қамтамасыз ету кіреді. Перспективалық және ағымдағы жоспарлар мен жұмыс кестелерін, жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу, оны пайдалануды жақсарту және электрондық техниканы пайдалану тиімділігін арттыру бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысу. Электрондық есептеу машиналарын жұмысқа дайындауды жүзеге асыру, жекелеген құрылғылар мен тораптарды техникалық тексеру, жабдықтың электрондық элементтерінің параметрлері мен сенімділігін бақылау.

 

Бұл мамандықтың артықшылығы - өздігінен жеке немесе ұжым құрамында жұмыс істеу мүмкіндігінде. Мансаптық өсудің міндетті шарты - үнемі өздігінен білім алу, біліктілігін арттыру. IT-компанияларда жұмыс істеу кезінде мансапты дамытудың басқарушылық жолы болуы мүмкін.

Бұл мамандықтың кемшілігі - арқаның, мойынның және көздің ауырсынуына әкеп соғуы мүмкін кәсіби аурулардың пайда болуында, себебі маманның жұмыс қалпы компьютерде ұзақ уақыт отырып жұмыс істеуінде болып табылады.

 

Қазіргі таңда ақпараттық технологиялар қарқынды даму үстінде, сондықтан осы маманға деген сұраныс үнемі өсіп отырады. Жетістікке жетіп, жақсы табыс табу үшін ең өзекті бағыттарды игеріп, осы саланың соңғы үрдістерін бақылап отыру керек. Барлық қажетті білімді әрдайым практикалық жұмыс барысында немесе түрлі курстарда меңгеруге болады

Егер сайтта жарнама,
немесе қате тапсаңыз,
төмендегі форманы толтырыңыз