Сайттағы сауда маркалары мен логотиптер иелерінің меншігінде.
"Артекс" баспа-полиграфия фирмасымен барлық құқықтар қорғалған 2024 ж.

Білім бағдарламасы:

Код:

--
"Ресторан ісі және қонақүй бизнесі"

Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі – бұл заманауи экономиканың ең перспективалық бағыттарының бірі.  Аталған мамандық экономика мен маркетинг саласында, басқару теориясы мен ақпараттық технологияларды, шет тілдерін білуді, дизайн мен жарнама туралы білімді қажет етеді. Оқу бағдарламасы мейрамхана ісі және мейманхана бизнесінде тиімді нәтижелер көрсете алатын әлемдік деңгейдегі мамандарды даярлауға негізделген. Аталмыш бағдарламада студенттер мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі бойынша қызмет көрсетудің және басқарудың түрлі формаларын меңгереді.  Сервис – күнделікті өмірде түрлі салада халыққа қызмет көрсету. Бұл түрлі дағдылар мен өзіңіздің шығармашылық мүмкіндіктеріңізді толықтай аша алатын кең ауқымды сала түрі.

 

Бұл бағдарламаның түлектері келесілерді көрсете алады: дәстүрлі және инновациялық бизнес-үдеріс үлгілерімен танысу, мейрамхана және қонақ үй бизнесіндегі ұйымды басқару механизмін талдау дағдыларын меңгереді.

 

Қонақжайлылық қызметі саласындағы бакалаврдың кәсіби қызметінің мазмұнына мыналар кіреді:

  • Мейрамхана және қонақ үй бизнесінің әртүрлі салаларындағы жұмыстарды ұйымдастыру және басқару;
  • Маркетингтік зерттеулер жүргізу және қонақжайлылық компаниясы ұсынатын қызметтерді отандық және халықаралық нарық;
  • Қазақстандағы, ТМД елдеріндегі және әлемнің жекелеген аймақтарындағы мейрамхана және қонақ үй бизнесінің жай-күйіне зерттеу жүргізу;
  • Саланың даму перспективаларын зерттеу және оны елдер мен аймақтардың ерекшеліктерін ескере отырып болжау.
Егер сайтта жарнама,
немесе қате тапсаңыз,
төмендегі форманы толтырыңыз