Toraighyrov University (TOU) - Қазақстандағы ірі университеттердің бірі. TOU тек Павлодар өңірінде ғана емес, сонымен қатар Республикада да білім, ғылым және мәдениет орталығы болып табылады. Бүгінде бұл полифункционалды инновациялық үлгідегі университет, өңірдің жетекші жоғары оқу орны, өзінің инновацияларымен және жетістіктерімен Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде кеңінен танымал ірі ғылыми орталық.
Университетте дуальді оқыту белсенді түрде іске асырылуда, ол кәсіпорын қызметкерлерінің өздері өткізетін практикалық және зертханалық сабақтарды өндіріске ауыстыруға мүмкіндік береді. Серіктестердің арасында Қазмұнайгаз, «ERG» тобы, мұнай-химия және ферроқорытпа зауыттары, электролиз және алюминий зауыттары, сондай-ақ «Победа» және «Пахарь» ірі агрокәсіпорындары бар.
Toraighyrov University әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу процесінде халықаралық мойындауға қол жеткізді, ол еуропалық білім беру процесінің толыққанды қатысушысы болып табылады. Бизнес, ғылым және өнер көшбасшыларының Оксфорд саммиті аясында Toraighyrov University «Еуропалық сапа» халықаралық наградасымен марапатталды. Toraighyrov university - әлемнің классикалық университеттерінің Болон хартиясының мүшесі, LAESTE студенттік тағылымдамалар алмасу жөніндегі халықаралық қауымдастығының, Сібір ашық университеті қауымдастығының, Қазақстан жоғары оқу орындары қауымдастығының және Шанхай ынтымақтастық ұйымының мүшесі.
Байланысқан оқу орындары
ЖОО-ға қабылдау үшін құжаттар тізімі
(Құжаттар қағаз және электронды форматта болу керек)
1. Білім туралы құжат қосымшасымен (түпнұсқа+1 көшірме) – бір PDF-файлда;
2. ҰБТ мемлекеттік сертификаты (бар болса) - ( 1 көшірме) - бір PDF-файлда;
3. Білім грантының куәлігі (бар болса) - (1 көшірме) – бір PDF-файлда;
4. Жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа + 1 көшірме) – бір PDF-файлда;
5. Медициналық анықтама 075 - (түпнұсқа + 1 көшірме);
6. Псих-, наркодиспансерлер анықтамасы, флюорография (10 ай) - бір PDF-файлда;
7. Екпе картасы (25 жастан АДСМ (26,36,46,56) алған анықтама, болмаса алмаған анықтамасы) – бір PDF-файлда;
8. Цифрлік фото 3*4 – бір Jpeg-файлда;
9. Қызмет өткергендер үшін: Әскери билеттің көшірмесі және мерзімді әскери қызмет өткендігін растау туралы анықтамасы, бір PDF-файлда;
10. Жәрдемақы алуға құқық беретін құжат (түпнұсқа+1 көшірме) – бір PDF-файлда;
11. Бауы бар папка және конверт А5.

Toraighyrov University